385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Үлкен жетілік»: Францияның Биарриц қаласына мемлекет басшылары келе бастады

  • 214
  • UPD: 14:38, 25.08.2019
«Үлкен жетілік»: Францияның Биарриц қаласына мемлекет басшылары келе бастады ru.publika.md

«Үлкен жетілік» саммиті өтетін Францияның Биарриц қаласына мемлекет басшылары келе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар әуежайына алдымен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің ұшағы қонды. Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо келді. Шара бүгін басталып, 26 тамызға дейін созылады. Франция өкілдерінің мәлімдеуінше, саммиттің басты тақырыбы теңсіздікпен күрес болады. Бұдан бөлек, әлемдік саудадан бастап халықаралық қауіпсіздікті қамтитын түрлі мәселелр талқылау қарастырылған. Сарапшылар биыл «үлкен жетілік» елдері ортақ мәлімдемеге қол қоя алмауы мүмкін деп отыр. Ал ал ауқымды шараның қауіпсіздігін қорғауға 13 мыңнан астам полицей мен әскери жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы