385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та полиция қызметкері жеке басына шабуыл жасалғаны туралы жалған шағым түсірген

  • 117
АҚШ-та полиция қызметкері жеке басына шабуыл жасалғаны туралы жалған шағым түсірген

Лос-Анджелес округінің полиция қызметкері жеке басына шабуыл жасалды деген жалған шағым түсірді.

Айтуынша, оқиға Полиция департаменті ғимаратында болған кезде орын алған. Анхель Рейноса есімді тәртіп сақшысы өзіне көрші ғимараттан оқ атты деп рациямен хабар жіберіпті. Содан департамент аумағы дереу қоршауға алынып, шабуылшы іздестіріледі. Бірақ оқ атқан адам сол күйі табылмайды. Ақырында ешбір айғақ болмаған соң тәртіп сақшысы өтірік айтқанын мойындаған. Оқ өтпейтін кеудеше мен көйлегіндегі тесікті де өзі қолдан жасағанын жасырмайды. Бірақ полицей мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндіре алмаған. Осыған байланысты ол қызметінен шеттетілді. Енді Анхель қылмыс жасалды деген жалған ақпараты үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы