387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда жүзден астам әуе рейсі кейінге шегерілді

  • 139
Оңтүстік Кореяда жүзден астам әуе рейсі кейінге шегерілді Известия

Корей түбегінде соққан «Линлин» тайфуны аймақтың астан-кестеңін шығарды.

Дүлей жел инфрақұрылымды бүлдіріп, талай үйді қиратқан. Оңтүстік Корея билігі табиғи апаттан 3 азаматтың қаза тапқанын хабарлады. Ал Солтүстік Кореяда 5 тұрғынның көз жұмғаны белгілі болды. Тағы ондаған адам жарақат алған. Табиғат апатына байланысты Оңтүстік Кореяда жүзден астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Ал Солтүстік Кореяда тайфун 45 мың гектардай егін алқабын жайпап кеткен. Жапонияның шығыс жағалауында да «Факсай» деп алатын алапат тайфун соқты. Метеорологтардың мәліметінше, желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырыммен ұйытқыған. Жергілікті телеарналар бір әйелдің қайтыс болғанын хабарлап отыр. Тағы 20 азамат зардап шегіпті. Апат кесірінен әуе рейстері мен теміржол қатынасы тоқтады. Билік өкілдері дауылдың соңы лай көшкіні мен су тасқынына ұласуы мүмкін екенін ескертіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы