389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия-Түркия шекарасында жарылыстан 12 адам қаза тапты

  • 238
  • UPD: 10:24, 17.09.2019
Сирия-Түркия шекарасында жарылыстан 12 адам қаза тапты

Сирияның Түркиямен арадағы шекарасында жарылыс болып, 12 кісі қайтыс болды. Тағы 28 адам жарақат алды. Онға жуығы ауыр жағдайда.

Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат, мемлекеттік Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға Жараблус провинциясына қарасты Чобанбей елді мекеніндегі аурухана маңында болған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жарылғыш құрылғы автокөлікке жасырылған. Әзірге бұл оқиғаны ешбір лаңкестік ұйым мойындаған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы