389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбоджада мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды

  • 172
Камбоджада мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды

Камбоджаның солтүстігінде мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр.

Себебі аймақта нөсер жауып, арты жойқын су тасқынына ұласқан. Пойпет қаласында судың деңгейі көтеріліп, белге дейін жеткен. Осыған байланысты өңірде эвакуация жарияланды. Соңғы дерек бойынша, тасқыннан 16 адам қаза тапқан. Оның екеуі – бала. Бұған қоса, толассыз жаңбыр кесірінен 100 мыңнан астам үйді су басқан. Сондай-ақ 30 мың гектар егістік алқабы жарамсыз қалыпты. Жалпы алғанда, табиғаттың тосын мінезінен Камбожданың 14 провинциясы зардап шеккен.

Хабар 24 телеарнасы