384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін дүниежүзілік диабетпен күрес күні

  • 114
  • UPD: 23:52, 14.11.2019
Бүгін дүниежүзілік диабетпен күрес күні

Бұл датаны 2007 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы арнайы қарар қабылдап, бекіткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш осы орайда әлем қауымдастығына үндеу жолдап, бұл дертке шалдыққан адамдарға өз қолдауын білдірді. Ол өз сөзінде «Тұрақты даму мақсаттарына жету аясында мемлекеттер диабетпен күресіп келеді. Аурулардың профилактикасы мен емі үшін ерте диагностика және медициналық қызметтердің қолжетімдігі шешуші рөл атқарады», – деп атап өтті. Қазір әлем бойынша 420 миллионан астам адам диабетке шалдыққан және жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы