412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бакуде иесіз қалған үй жануарларының жәрмеңкесі өтті

  • 464
  • UPD: 22:17, 24.11.2019

Бакуде иесіз қалған жануарларға көмек көрсетіледі. Дәлірек айтсақ, жыл сайын қалада арнайы жәрмеңке өтіп тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған кімдер қатысады және жәрмеңкенің басты талаптары қандай?

Әзербайжанда иесіз қалған жануарларға арналған жәрмеңке көп жылдан бері ұйымдастырылады. Оған әдетте елдегі қаңғыған жануарларды паналататын кешендер иелері қатысады. Жәрмеңкенің басты талабы – адамның төрт аяқты достарының аурудан ада және егілген болуы тиіс.

Нигяр Гусейнова, IDEA ұйымының қызметкері:

Шараға бірнеше рет қатыстық. Осы жолы жәрмеңкеге 6 ит пен мысықтар алып келдік. Олардың барлығы егілген. Жануарларды сеніп тапсыратын жандарды іздеп жүрміз. Олар жаңа иелеріне тез үйреніп кететініне сенімдіміз.

Биылғы жәрмеңкеге көбіне үй жануарларының балалары әкелініпті. Оларды қолға үйрету де жеңіл.

Умуд Ахмедов, жергілікті тұрғын:

Мына күшік маған қатты ұнады. Менде итім болған. Қазір тағы біреуін асырап алсам деген ойдамын. Осындай жәрмеңке үшін алғысымды білдіремін.

Бакудің арнайы орталықтарының бірінде жыл сайын 100-ден астам ит дәріленіп, егіледі. Осыдан кейін ғана көшеге жіберіледі. Ал олардың құлақтарына салынған ен бұл жануарлардың қоршаған ортаға қауіпті емес екенін білдіреді.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

 

Хабар 24 телеарнасы