380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Антальяда ауа райына байланысты қауіпті белгі жариялады

  • 238
  • UPD: 15:46, 11.12.2019
Антальяда ауа райына байланысты қауіпті белгі жариялады

Алдағы екі күнде Түркияның Анталья туристік провинциясына қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Өңірде ауа-райы қауіптілігінің максималды «қызыл» коды жарияланды. 

Мұндай жағдай Түркияның метеорологиялық бақылаулар тарихында бірінші рет болып отыр, деп хабарлады atorus.ru.

Түркиялық метеорологтардың болжамына сәйкес, 11 және 12 желтоқсанда Антальяда қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпіні 20-23 м/с дейін жел болады. Ауа райының қауіптілігін бағалаған синоптиктер провинцияның алты ауданы үшін «қызыл» код жариялады.

Аймақ билігі жергілікті тұрғындарды мүмкіндігінше сыртқа шықпауға шақырады. Төтенше жағдайлар министрлігі мен коммуналдық қызметтер дайындық үстінде отыр.

Синоптиктердің болжауынша Кемерде қатты жаңбыр жауады, бір шаршы метрге 200-250 литрге дейін жауын түседі.

Хабар 24 телеарнасы