420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады

  • 541
  • UPD: 13:48, 12.12.2019
Нигерияда лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады

Нигерияда лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасап, 71 сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Тағы 30 жауынгер жараланды. Оқиға елдің Малимен шекаралас Инатес қаласының маңында болды. Әскерилердің айтуынша, базаны жүздеген содыр шабуылдаған. Қазір лаңкестерге қарсы операция жүріп жатыр. Айта кетейік, Нигерияда 2009 жылдан бері «Боко Харам» деп аталатын лаңкестік ұйым билікке қарсы әрекет етіп келеді. Олар батыстық білім мен мәдениеттің ықпалын жоюды мақсат етеді.

Хабар 24 телеарнасы