379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядағы Санта Клаус ауылы қандай?

  • 205
  • UPD: 23:36, 24.12.2019

Болашағы күмәнді ауылдарды қалай қайта жандандыруға болады? Бұл сауалдың жауабын Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Пукто өңірінде жақсы біледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осы ауылда бірнеше жыл бұрын Санта Клаус ауылы ашылған екен. Сөйтіп, қызық іздеп, сауық құрғысы келетін көпшілік осында демалуды жөн көретін болды. Келе-келе туристер қатары да артқан.

Санта Клаус ауылында бәрінің өз ісі бар. Жергілікті тұрғындар ауыл қонақтарына түрлі қызмет көрсетеді. Бұл туристердің ең сүйікті орны. Тек осында ғана қар бар. Оны арнайы машина шығарады. Тап осындай құрылғы Пхёнчхандағы Олимпиадада қолданылған еді. Ауа райы жылы болғандықтан, қар тез ериді. Ауылда Санта Клаус поштасы да бар. Оны теміржолшылар өз қамқорына алды. Өйткені олар жолаушылар санының артуына мүдделі.

Ли Бён Чоль, Санта Клаус поштасының қызметкері:

- Ер жеткен адамдар өз тілектерін жазып, балаларының дені сау болғанын сұрайды. Балалар да Сантаға хат жазып, ол оларға жауап қайтарады. Теміржолда істегеніме 25 жыл болды, бүгін осында кезекшілікке шықтым.

Ал осыдан алты жыл бұрын Пунчхон станциясына күніне тек он шақты адам келетін. Кезінде мұнда көмір өндіріп, ағаш отын даярлайтын. Өндіріс көлемі азайғаннан кейін халық бұл жерден кете бастаған. Алайда билік ауылды қайта жандандыру әдісін ойлап тапты.

Ли Чоль Ву, Кёнсан-Пукто провинциясының губернаторы:

Бұл құрып бара жатқан ауыл саналатын. Бірақ мұнда Санта Клаус ауылын ұйымдастыруды шешкеннен кейін адам көп келе бастады. Кореяда қысқы маусымда демалатын орын аз.

Санта Клаусты Оңтүстік Кореяда жақсы біледі. Себебі тәуелсіздікке ие болғаннан кейін бұл ел АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық орнатқан болатын. Ал Америка Оңтүстік Корея тұрғындарының көзқарасы мен мәдениетіне үлкен әсер етті. Қазір елдің үштен бірі христиан дінін ұстанады, ал Рождество жарты ғасырдан аса уақыт ресми мейрам саналады.

Пэ Гын Нён, жергілікті тұрғын:

- Рождествоны бөлек тойламаймыз, бірақ демалыс күн болғандықтан торт алып, сыйлықтар табыстаймыз. Ұлымыз машиналарды жақсы көреді, сондықтан оған ойыншық пойыз сыйлаймыз.

Санта ауылына католик Рождествосын атап өтуге ғана келмейді. Бұл жер көптеген туристік бағдарлары, таулы таза ауасы мен экологиялық таза өнімдерімен танымал. Айтпақшы, мұнда тек жергілікті тұрғындар сауда жасауына құқы бар.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

 

 

Хабар 24 телеарнасы