375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польша Еуроодақтан шығуы мүмкін

  • 195
  • UPD: 23:09, 29.12.2019

Еуроодақ кеңесінің басшысы Дональд Туск Польша Одақтан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді. Мәселе осы елдің сот жүйесіндегі реформаға қатысты туындаған. Себебі, Варшава оны Брюссельдің келісімінсіз жүзеге асырып жатырғанға ұқсайды. Ал бұл мәлімдемені халық қалай қабылдады?

Польша Еуропалық Одақтан шығуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Еурокеңес басшысы Дональд Туск жасады. Ақпарға қарағанда, бұл мемлекет соңғы 2 жылда сот жүйесіне қатысты 13-тен астам шешім қабылдаған. Еуродепуттатар Польша билеуші партиясының әрекеті елдегі саяси жүйенің тәуелсіздігі мен демократияға тұсау салуы мүмкін дейді.

Максим Андрошенко, саясаттанушы:

-Польшаға экономика тұрғысынан да саяси тұрғыдан да одақта болу тиімді. Интеграциялық процесстер ұзақ уақыт жүргізілді. Сондықтан мемлкет одақтан сот реформасы үшін шығып кете қоймас. Жергілікті билік бір шешімін табады деген ойдамын.

Соңғы рет Варшва сот заңына түзетулерді 1 апта бұрын енгізді. Еуропалық саясаттанушылар бұл Брюссельмен арадағы қатынастың шиеленісуіне әкеледі деп отыр.

Руслан Басыров, журналист:

- Меніңше, дау-дамай көпке созылмас. Себебі бұл Польшаға тиімсіз. Оның Еуроодақтан шықпайтыны анық. Мемлекет Одақтан көп пайда көріп отыр. Бұл жанжалдар тек оппозицяның ойыны.

Ал Еурокеңестің келісімінсіз енгізілген өзгерістер ел билігіне қарсы шыққан судьяларды қызметінен босатуға мүмкіндік береді. Олардың көбі жаңа реформа Еуроодақ ережелеріне қайшы  екенін айтады. Бірақ мамандар, ең бастысы, осы мәселеден Брюссельмен қатынас салқындап, елдің ЕуроОдақтан шығуына әкелмесе болғаны дейді. 

Авторлары: Алексей Родионов, Лукаш Корвин

Хабар 24 телеарнасы