375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралиялық ғалымдар коронавирустың көшірмесін жасап шығарды

  • 302
  • UPD: 19:55, 29.01.2020

Австралия ғалымдары Қытайда пайда болған жаңа коронавирусты зертханада қайта жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мамандар қауіпті дерттің көшірмесін өткен жұма күні алған үлгіге қарап Мельбурндағы арнайы зертханада дайындаған. Ғалымдар бұл жетістік вирусты анықтап, емдеуге септігін тигізеді деп отыр. «Ол қауіпті дертті адамда оның белгілері байқала қоймаған кезде анықтауға мүмкіндік береді», – дейді. Австралия ғалымдары өздерінің жетістігін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жібермек ойда.

Майк Кэттон, Виктория штатындағы жұқпалы аурулар зертханасының директоры:

– Біздің қайта жасап шығарған коронавирусымыз вакцинаның тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ, адам ағзасында ауруға қарсы тұратын заттардың алғашқы буынын сынауға көмектеседі. Бұл – науқастарды емдеу үшін өте маңызды.

Австралияда коронавирусқа қазірге дейін 6 адам шалдыққаны белгілі. Жергілікті билік Уханьдағы 600 азаматын арнайы ұшақпен кері қайтарып, Үнді мұхитындағы Рождество аралына орналастыруды жоспарлап отыр. Олар бұл жерде қауіпті дертті жұқтырмағаны анықталғанша 2 аптадай қалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы