447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар татуировкаға тыйым салу керектігін айтты

  • 642
  • UPD: 11:56, 24.02.2020
Мамандар татуировкаға тыйым салу керектігін айтты PA Images/Chris Young

Ресейлік маман Геннадий Онищенко татуировкалардың адам денсаулығына зияны туралы айтты, деп хабарлады iz.ru.

Ол тері астына енгізілген заттар терінің құрылымын бұзып қана қоймай, сонымен қатар өлім жағдайларына дейін жеткізетін асқынулар тудыруы мүмкін екенін еске салды.

«Денеге енетін кез келген бөгде зат іріңді асқынулардан бастап онкологиялық ауруларға дейін жеткізуі мүмкін», - деді ол жергілікті радиоға берген сұқбатында.

Өз сөзінде денеге сурет салудың айналамызда болып жатқан рухани зияткерлік дағдарыстың айқын көрінісі екендігін айтып өтті.

«Жалпы татуировкалардың барлығына тыйым салу керек», - деді ол.

Клиникалық психолог Михаил Хор татуировкалардың жастардың психологиялық денсаулығына қауіпті екенін айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы