432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда салмағы бір тоннаға жуық балық табылды

  • 516
  • UPD: 14:53, 04.03.2020
Үндістанда салмағы бір тоннаға жуық балық табылды

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында балықшылар салмағы 900 кг балықты ұстады.

Бұл туралы Orissa Post хабарлады.

Балықшылардың айтуынша, бұл аймақта мұндай балық өте сирек кездеседі. Ол адасып, таяз суға келіп қалуы мүмкін. Оның ашық мұхитқа оралуына тек үлкен толқындар ғана көмектесе алады.

Жағаға шығарылған балықты көруге көптеген адамдар жиналған. Содан соң алып балық 20 мың рупийге (қазіргі бағам бойынша шамамен 273 АҚШ долларына) сатылды.

Балық тек азық ретінде емес, сонымен қатар дәрілік заттар жасауға жарамды болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы