411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ангела Меркельдің коронавирусқа тапсырған тестінің нәтижесі шықты

  • 570
  • UPD: 10:48, 26.03.2020
Ангела Меркельдің коронавирусқа тапсырған тестінің нәтижесі шықты

Германия канцлері Ангела Меркельдің коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тапсырған екінші тесті де теріс нәтиже берді.

Бұл туралы N-TV арнасы Германия үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Канцлер үйде карантин жағдайында жұмыс істейді және келесі аптаның басында тағы тестілеуден өткізіледі», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Ангела Меркельге екпе салған дәрігерден коронавирус расталып, одан кейін канцлер үй карантиніне жіберілген еді.

Дегенмен канцлердің өзін жақсы сезінетіні хабарланды.

Хабар 24 телеарнасы