456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Испания астанасында келесі аптадан бастап дүкендер ашылады

  • 516
  • UPD: 08:57, 06.05.2020
Испания астанасында келесі аптадан бастап дүкендер ашылады

Себебі, елде 7 аптаға созылған қатаң карантин режимін жеңілдетудің келесі кезеңі жүзеге асырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы аптада мейрамханалар мен дәмханалар жартылай ашылып, қоғамдық орындар мен үйлерде 10 адамға дейін жиналуға рұқсат етіледі. Бұған дейін шаштараздар, кітап дүкендері ашылған. Және де адамдардың сыртқа шығып серуендеп, спортпен шұғылдануына рұқсат берген. Айта кетейік, Испания әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Бірақ Пиреней түбегінде соңғы апталарда дертке шалдыққандар саны азайған.

Адольфо Карнисер, аяқ киім дүкенінің қожайыны:

- Қазір дүкеніміздің ішін жинастырып, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өйткені келесі аптада дүкендерді ашуға рұқсат беріледі. Соған дайын болсақ.

Хабар 24 телеарнасы