429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің Қорғаныс министрі COVID-19-ға қарсы вакцинаны сынақтан өткізбек

  • 362
  • UPD: 08:24, 06.06.2020
Ресейдің Қорғаныс министрі COVID-19-ға қарсы вакцинаны сынақтан өткізбек Телеканал «Звезда

Бас әскери госпитальдің басшысы Евгения Крюкованың айтуынша, ол үшін министрліктен 50 ерікті қызметкер таңдап алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қазір Мәскеу облысындағы медициналық орталыққа карантинге жатқызылған. Өтйкені сынақ жұмыстары басталғанша, бұл адамдардың вирусты жұқтырып алмауы маңызды. Вакцинаны Ресейдің эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы ойлап тапқан. Бұл препаратты жаппай өндіру жаз айының соңына жоспарланып отыр екен.

Сергей Борисевич, РФ қорғаныс министріне қарасты ғылыми-зерттеу институтының басшысы:

– Клиникалық зерттеу жұмыстарының мақсаты – екі маңызды сұраққа жауап алу. Вакцинаның қауіпсіз екеніне көз жеткізіп, организмге әсерін білу. Екіншіден, қаншалықты иммуногенді екенін анықтау. Организм қажетті көлемді антидене бөліп, коронавирус инфекцияларымен күресе алуы керек.

Хабар 24 телеарнасы