420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда толассыз жауын су тасқынына ұласты

  • 258
  • UPD: 08:25, 07.06.2020
Қытайда толассыз жауын су тасқынына ұласты

Қытайдың Гуаньси провинциясында бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласты.

Салдарынан мыңдаған адам үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. Өңірде 117 тұрғын үйді түгел су басып, егістік алқаптарды да тасқын шайып кетті. Жергілікті биліктің алдын ала есебінше, табиғи апаттан келген шығын көлемі 49 миллион долларды құрайды. Қазір аймақта жүздеген құтқарушы тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіріп жатыр. Аймақта алдағы күндері де толассыз жаңбыр жауады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы