426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда су тасқынынан 12 адам көз жұмды

  • 271
  • UPD: 09:50, 29.06.2020
Қытайда су тасқынынан 12 адам көз жұмды ria.ru

Қытайдың бірнеше елді мекені су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24.

Аймақта қатарынан бірнеше күн жауған жауын су тасқынына себеп болып, жергілікті жұртты әбігерге салды. Табиғат апатынан ондаған баспана мен кеңселер жарамсыз күйге айналды. Кей жерлерде су деңгейі бір метрден асқан. Салдарынан көше жолдарын су шайып, көлік қатынасы тежелді. Мамандар «бұндай жауын соңғы он жылда болмаған» дейді. Қазір қауіпті аймақтардан құтқарушылар тұрғындарды әлі де эвакуациялап жатыр.

Соңғы ақпарат бойынша апаттан кем дегенде 12 адам қаза тауып, 10 шақтысы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сун Юнбо, жергілікті тұрғын:

- Таңғы сағат 05:00 кезінде судың көтерілгенін байқадық та, дереу үйден шығып кеттік. Көп ұзамай үйдің қабырғасы да қирап түсті. Абырой болғанда, аман қалдық.

 

Хабар 24 телеарнасы