420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда медицина қызметкерлері шеруге шықты

  • 344
  • UPD: 18:20, 30.06.2020
Испанияда медицина қызметкерлері шеруге шықты

Испанияда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24.

Мадридтегі орталық алаңдарының бірінде өткен бұл шараға 1000-нан аса адам қатысты. Олар өз еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қорғаныш құралдармен жабдықтауды талап етті. Шерушілер шара өткізу кезінде індеттен қорғану шараларын сақтап, бетперде таққан. Жалпы Испания COVID-19 пандемиясының ауыр зардабын тартқан елдердің бірі. Елде 52 мыңнан аса медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алғаны белгілі.

Люсия Вильярехо, жансақтау бөлімінің медбикесі:

- Біз қаһарман емеспіз, қарапайым адамбыз. Өзіміз қорықсақ та, бұл жұмысымыз болғандықтан бардық. Басқалардың қамын ойлап, туыстарымызды үйде қалдыруға тура келді. Көптеген әріптесіміз ауырып қалды. Бізге қорғаныш құралдары үнемі жетіспей жүрді. Сондықтан қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуді талап етеміз.

Хабар 24 телеарнасы