417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жаңа рекорд. Бір тәулікте 48 мың адам коронавирус жұқтырған

  • 124
  • UPD: 12:13, 02.07.2020
АҚШ-та жаңа рекорд. Бір тәулікте 48 мың адам коронавирус жұқтырған ТАСС

АҚШ-та өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған 48 мың науқас анықталды.

Бұл Америка үшін жаңа рекорд, деп хабарлайды Reuters-ке сілтеме жасап, Life.ru хабарлайды.

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша Америка Құрама Штаттарында COVID-19 жұқтырған 2 682 270 адам тіркелген. Олардың 128 028-і көз жұмып, 729 мыңы жазылып кеткен.

Соңғы аптада АҚШ-та науқастар санының күрт өсуі тіркелді. Атап айтқанда, Аризона, Калифорния, Флорида, Техас және басқа он штатта вирус жұқтырғандар саны екі есеге өсіп кетті.

Хабар 24 телеарнасы