417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Disney World саябағы қайта ашылады

  • 188
АҚШ-та Disney World саябағы қайта ашылады

АҚШ-тың Флорида штатында Disney саябағы қайта ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келушілер үшін Орландодағы екі бірдей тақырыптық парк қолжетімді болмақ. Коронавирустық пандемияға байланысты әлемдегі сұранысы жоғары аттракциондардың бірі төрт айға жуық уақытқа жабылған болатын. Мекеме барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жұмысын жалғастырмақ.

Айта кетсек, Флорида штатында соңғы бірнеше аптада коронавирус жұқтырған адамдар саны күрт артқан. Бүгінде 254 мыңнан астам азаматтан індет анықталды.

Хабар 24 телеарнасы