420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилиядағы көлік тұрағында сурет көрмесі ұйымдастырылды

  • 222
  • UPD: 15:54, 18.07.2020

Бразилияның ең ірі шаһары - Сан-Паулуда коронавирус індеті өршіп тұр. Салдарынан қала тұрғындары мәдени іс-шаралардан тыс қалды.

Алайда өнертанушылар осындай қиын кезде жерлестерінің көңілін көтерудің амалын тапты. Қаладағы көлік тұрақтарының бірінде сурет көрмесін ұйымдастырды. Енді жергілікті тұрғындар көліктерінен шықпай, бұл туындыларды тамашалауға мүмкіндігі бар. Ешкіммен жақын қатынаспайды әрі денсаулығына қатер төндірмейді.

Коронавирус жұқтыру дерегі бойынша әлемде екінші орында тұрған Бразилияда індетке 2 миллионнан аса адам шалдыққан. Вирустың кесірінен 77 мыңнан аса науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы