421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта үйлерді топан су басты

  • 250
  • UPD: 22:19, 03.08.2020
Таиландта үйлерді топан су басты

Таиландта «Синлаку» дауылы ойран салып, бір жарым мыңға жуық үйді су басты.

Табиғат апатынан 20-ға жуық провинцияның тұрғындары зардап шеккен. Чиангмай қаласында жолдарды су шайып, көпір бұзылды. Ал Пхукет аралында тұрғындардың жағажайға баруына, ал кемелердің теңізге шығуына тыйым салынды. Паттайя қаласы маңында мыңдаған мидия жағаға шығып қалған. Жұрт оны жапатармағай жинап жатыр. Мамандар болса судың әлі де көтерілу қаупі барын айтады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін «Синлаку» тропикалық дауылы Қытай мен Вьетнамда ойран салған еді.

Ратртия Панич, Лэй провинциясының тұрғыны:

- Су деңгейі қасқағым сәтте көтеріліп кетті. Сондықтан заттарымызды үйден алып шығуға үлгермедік. Қазір үйдің ішін тазалап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы