426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейруттегі жойқын жарылыстан 4 мың ғимарат қираған

  • 209
Бейруттегі жойқын жарылыстан 4 мың ғимарат қираған РИА Новости

Бейруттегі кемежайда болған жойқын жарылыстан кейін шамамен 4 мың ғимарат пен 4 200-ден астам автокөлік қирап қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – оқиғадан келген шығынды есептеген мамандардың мәліметі. Қазір аймақты күзету жұмыстары күшейтілді. Себебі зардап шеккен аудандарда тонау фактілері тіркеліп, шамамен 40 адам қамауға алынды. Айта кетейік, оқиғадан шаһардың көптеген инфрақұрылымы зақымдалды. Олардың ішінде 100 жылдан астам бұрын бой көтерген тарихи мекемелер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, қазір Бейруттегі медициналық орталықтардың 50 проценттен астамы  жарамсыз күйде. 300 мыңнан астам тұрғын баспанасынан айырылды.

Қайғылы оқиға онсыз да экономикалық жағдайы мүшкіл Ливанды одан бетер есеңгіретіп тастады. Халықаралық ұйымдар өңірде гуманитарлық дағдарыс орнап, азық-түлік тапшылығы пайда болуы мүмкін деп дабыл қағады. Қазір Бейрутке әлемнің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жеткізіле бастады.

Хабар 24 телеарнасы