426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ ғалымдары суда ыдырап кететін аяқ киім ойлап тапты

  • 211
  • UPD: 12:11, 14.08.2020
АҚШ ғалымдары суда ыдырап кететін аяқ киім ойлап тапты

АҚШ ғалымдары экологиялық таза өнімнен аяқ киім жасады. Оның  ерекшелігі сол – балдырлардан жасалған және суда толығымен ыдырап кетеді.

Биохимия мамандары осылайша теңізге түсетін пластмасс өнімдерді азайтуды көздеген. Өйткені теңізде қалқып, кейін жағалауға шығып қалатын қалдықтардың басым бөлігі осы аяқ киімдер екен. Жаңа өнімге қазір бірқатар компания қызығушылық танытып отыр. Бұдан бөлек ғалымдар азық-түлік пен өзге де өнімдерге арналған қораптар шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы