424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей КВИ жұққандар саны жағынан әлемде алдыңғы қатарда тұр

  • 133
  • UPD: 10:53, 07.09.2020
Ресей КВИ жұққандар саны жағынан әлемде алдыңғы қатарда тұр

Коронавирус індеті әлем елдерінде қайта қарқын алып барады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы тәулікте жаһан бойынша 304 мыңнан астам адамға ковид-19 диагнозы қойылды.

Індет дендеп бара жатқан елдердің ішінде АҚШ, Бразилия, Үндістан мен Ресей көш бастап тұр. Құрама Штаттарында 6 млн 200 мың адам вирус жұқтырса, Бразилияда науқастардың саны 4 млн 100-ден асты. 

Ал тәулікке шақсақ,  дерттен қайтыс болғандар саны керісінше екі есеге азайды. Егер тамыздың 14 күні 10 мың  135 адам көз жұмса, өткен тәулікте 5 мыңнан астам адам жан тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы