421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда жылқыға қастық қылатындар көбейді

  • 228
  • UPD: 18:14, 12.09.2020
Францияда жылқыға қастық қылатындар көбейді

Францияда жылқыға қастық көбейді. Жыл басынан бері осындай 150-ден аса оқиға тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, 30-дан астам түлік ауыр зақым алған. Өлгені де бар. Қаскөйлер жылқының көзін шұқып немесе құлағын кесіп кетеді екен. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, олар жануарлардың көбінесе оң құлағына өш. Бұл испаниялық матадорлардың бұқаны жеңгеннен кейінгі әдетіне ұқсас. Полиция қаскөйлердің ізіне түскенмен, әзірге нәтиже жоқ. Ал фермерлер жылқысын өріске шығармай, қорада қамап ұстап отыр.

Ребекка Пави, ат орталығының иесі:

- Жылқы біз үшін жұмысқа жегетін ат қана емес, өміріміздің бір бөлшегі. Досымыз. Қартайғандарын өріске бос қоя береміз. Бірақ мынадай сұмдықтан кейін не істерімізді білмей қалдық.

Жылқыға тиген жау алыпқашпа сөзге де себеп. Жұрт «бұл әлдеқандай теріс ықпалды күштердің жоралғысы немесе қаскөйлердің интернет-челленджі болуы мүмкін», дейді. Белгілісі, мұндайлар аз емес екен. Әрі із қалдырмайтын әккі. Полиция бұл іс бойынша бірнеше күдіктіні қамауға алыпты. Бірақ еш дәлел таппай, бәрін қоя берген.

Хабар 24 телеарнасы