420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар COVID-19-пен ауырған науқастың геномындағы өзгерістерді сараптады

  • 85
  • UPD: 11:10, 16.09.2020
Ғалымдар COVID-19-пен ауырған науқастың геномындағы өзгерістерді сараптады

Бүкіл әлемге әйгілі жұқпалы аурулар бойынша маман Дидье Раульт COVID-19 үнемі қасиеттерін өзгертіп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Осы мутациялар неге әкелетінін болжау қиын», – дейді ол.

Ғалымдар бұл дертке шалдыққан науқастардан вирус үлгілерін алып, геномында болған өзгерістерін сараптады. Осылайша жаңа бір түрін анықтап, оны зерттеу өткен қаланың атауымен «Марсель» деп атаған. Зерттеушілер бұл мутация Солтүстік Африкадан әкелініп, Франция оңтүстігінде тарап, бір мезгілде құрып кеткенін анықтады.

Қазіргі кезде Уханьдік вирустың жеті түрі белсенді. Раульт: «COVID-19 қалай өзгеретініне болжам жасау қиын», – дейді. Бірақ Марсельде анықталған вирус мутацияларының барлығы пандемияның бірінші толқынында көптеген ажалға әкелген вирус түрінен әлдеқайда әлсіз. Бұл бәріміз үшін жақсы белгі болуы мүмкін.

Дидье Раульт, Жұқпалы аурулар институтының директоры

Бұл өзі құбылып тұратын вирус екен. Мысалы, біз шілде айынан бері вирус жұқтырған 100 науқастың дерегін алып, оған дейін ауырған 100 пациенттің жағдайымен салыстыра зерттедік. Қанның ұюуына қатысты зерттеулер қарастырдық. Өзгерістің бар не жоқ екендігін білгіміз келді. Анықтадық. Қанның ұюуына қатысты өзгеріс көп. Жалпы дерт жеңіл өтуде. Әрі өлім-жітім дерегі де азайды. Вирус мутацияға ұшырады деп айтуға толық негіз бар.

Хабар 24 телеарнасы