427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда жоғары сынып оқушылары мектепке оралды

  • 122
  • UPD: 12:28, 23.09.2020
Бразилияда жоғары сынып оқушылары мектепке оралды

Бразилияда жоғары сынып оқушылары мектеп қабырғасына оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ережеге сай әрбір оқушы білім ордасына кірер алдында медициналық тексерістен өтеді. Дене қызуының бар-жоғы жіті тексеріліп, жеке бас гигиена мен әлеуметтік арақашықтық жайында ескертіліп отырады. Жоспар бойынша алдағы 3 аптада оқушылар арасында вирус анықталмаса, төменгі сынып оқушылары да мектепке оралады.

Мария Кристина Пинто Сасси, мектеп директоры:

- Мектептердің толық ашылуы алдында пилоттық жобаны іске қостық. Алдағы 20 күн бойы оқушылардың денсаулығын бақылайтын боламыз. Вирус анықталатын болса, мектептер қайта жабылатын болады.

Ал, АҚШ билігі мектептердегі сабақтардың жандануына 105 млрд доллар бөлмек. Бұл туралы Ақ үйдің ұлттық экономикалық кеңес басшысы Лоуренс Кадлоу хабарлады. Бөлінген қаражат білім ордаларында эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмсалмақ.

Хабар 24 телеарнасы