432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нигерияда жойқын жарылыстан 28 адам мерт болды   

  • 105
  • UPD: 15:28, 24.09.2020
Нигерияда жойқын жарылыстан 28 адам мерт болды    ИА Regnum

Нигерияның Локоджа қаласында жанармай тасымалдайтын көлік жанармай құю бекетінің алдында жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға 28 адамның өмірін қиды. Тағы ондаған адам түрлі деңгейде жарақат алған. Арасында 9 бала бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жанармай тасымалдайтын көлік тағы екі темір тұлпармен соқтығысып қалған. Салдарынан жаяу жүргіншілер, көліктер мен жақын маңдағы ғимараттар да зардап шекті. Апатқа қатысты тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы