429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та полиция кепілдегілерді босату кезінде бірнеше адам қаза тапты

  • 90
  • UPD: 14:26, 29.09.2020
АҚШ-та полиция кепілдегілерді босату кезінде бірнеше адам қаза тапты

АҚШ-тың Орегон штатында полиция кепілдіктен адамдарды босату кезінде атыс болып, бірнеше кісі қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Салем қаласында болды. Полицияға бір қылмыскердің адамдарды кепілдікке алғаны туралы хабар түседі. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктімен келіссөз жүргізуге тырысады. Бірақ атыс болып, қылмыскермен бірге бірнеше адам мерт болды. Тергеу жүріп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы