432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лос-Анджелесте сауда орталығы өртенді

  • 80
  • UPD: 15:19, 05.10.2020
Лос-Анджелесте сауда орталығы өртенді

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында ү қабатты сауда орталығы отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті полицейлер таратқан ақпарға сәйкес, өрт ғимараттың бес-алты блогын шарпыған. Мамандар оны ауыздықтай алмай жатыр екен. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, өртеніп жатқан сауда орталығының жанында автомектеп пен бірнеше кәсіпорын бар екен. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қызыл жалыннан келген шығын да белгісіз деді жергілікті өрт сөндіру қызметі.

Хабар 24 телеарнасы