427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кариб теңізі елдері дауылға дайындалып жатыр

  • 240
  • UPD: 15:12, 07.10.2020
Кариб теңізі елдері дауылға дайындалып жатыр

Табиғаттың тосын мінезіне Кариб теңізі елдері алдын ала қамдануда. Мексика мен Куба "Дельта" дауылына дайындалып жатыр.

Атлант мұхитында пайда болған дүлей желдің екпіні күшейіп, САффир-Симпсон межесі бойынша төртінші дәрежеге дейін көтерілген. Жылдамдығы сағатына 230 шақырымға жетеді. Мексиканың Кинтана-Роо аймағында 80-нен астам қауіпсіз орындар ашылған. Кей қалада жергілікті тұрғындар мен туристерді эвакуациялау жүріп жатыр. Синоптиктер Дельта дауылы Кайман аралдары, Кубаның батысы мен Мексиканың ЮкатАн түбегіне бүгін жетіп, нөсер жауады деп ескертуде.

Хабар 24 телеарнасы