422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кабулда миномет снарядтары жарылып, сегіз адам көз жұмды

  • 76
  • UPD: 20:20, 21.11.2020
Кабулда миномет снарядтары жарылып, сегіз адам көз жұмды

Ауғанстан астанасы Кабулда бірнеше миномет снаряды жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар тұрғын үйлер мен аурухана ғимаратына түскен. Салдарынан 8 тұрғын қайтыс болды. Тағы 31 азамат жарақат алған. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Аталған ведомствоның мәліметінше, Кабулдың әр бөлігінде жалпы саны 23 миномет снаряды жарылыпты. Бәрі екі көлікке орнатылған көрінеді. Қазір жарылғыш заттардың қала аумағына қалай кіргені анықталып жатыр. Әзірге шабуылға қатысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.

Хабар 24 телеарнасы