419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда енді коронавирус дерегіне өзгеше есеп жүреді

  • 137
  • UPD: 08:31, 27.11.2020
Түркияда енді коронавирус дерегіне өзгеше есеп жүреді EADaily

Түркияда соңғы бір тәулікте вирусты жұқтырып алғандардың саны 28 мыңнан асты.

Елде науқастар санының күрт өсуі вирусты жұқтырғандарды жаңа есептеу әдісімен байланысты. Енді дертке шалдыққандар қатарына қауіпті вирусты жұқтырған, алайда ауру белгілері байқалмағандар да қосылады. Бұған дейін Түркияда науқастардың қатарына дерт нышандары нақты анықталғандар ғана жатқызылып келген. Бірақ сарапшылар бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайды толық көрсетпейді деп сынаған болатын. Ресми дерек бойынша Түркияда қазірге дейін 450 мыңнан астам азамат вирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы