421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Панамада 5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

  • 117
  • UPD: 22:02, 01.12.2020
Панамада 5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Белгілі болғандай, Панаманың әскери-теңіз қызметі Кариб бассейнінің батыс аумағында патрульдеу кезінде 4 катерді тоқтатқан. Сөйтіп тексеру кезінде есірткі сақталған 6 мыңдай қорапты тауып, артынша кемедегі 13 адамды ұстаған. Олардың 8-і колумбиялық болса, қалған төртеуі костарикалық. Тағы біреуі Никарагуа азаматы болып шықты.

Айта кетейік, АҚШ нарығына есірткі тасымалдау ісінде Орталық Америка мен Мексика елдері негізгі транзиттік дәліз саналады.

Хабар 24 телеарнасы