420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фиджиде дауыл салдарынан қаза тапқан адам саны төртке жетті

  • 91
  • UPD: 17:28, 20.12.2020
Фиджиде дауыл салдарынан қаза тапқан адам саны төртке жетті

Фиджи аралында «Яса» дауылынан 4 адам опат болып, тағы бір тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Бұл туралы осы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі мәлім етті. Бірақ билік табиғат апатынан келген шығын көлемін анықтау әзірге мүмкін болмай тұрғанын айтады. Дүлей жел Киа шағын аралын тас-талқан еткен. Көптеген мекенді су басты. Эвакуациялық орындарды 8 мыңдай адам паналап отыр.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Фиджи аралына «Яса» дауылы соғып, жүздеген мың тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілген еді. Мұнда желдің жылдамдығы сағатына 245 шақырымға дейін жеткен.

Хабар 24 телеарнасы