421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай коронавирустың шығуын құпияға жатқызды

  • 102
  • UPD: 15:49, 31.12.2020

Қытай билігі коронавирустың шығуын мемлекеттік құпия қатарына жатқызды. Енді індетке қатысты зерттеулер жарияланбас бұрын үкімет жанындағы арнайы комиссияның тексерісінен өтуі тиіс.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарқанаттар мекен ететін үңгірлер де бақылауға алынған. Және 2012 жылы «Ковид-19»-ға генетикалық жақын вирус табылған үңгір де жабылған. Ол дертке 6 адам шалдыққан еді.

Еске сала кетейік, коронавирус алғаш рет 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген. Індет шаһардағы теңіз өнімдерін сататын базардан таралған болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы