421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кореяда әлемде алғаш рет сутекпен жүретін қоқыс көлігі пайда болды

  • 119
  • UPD: 18:19, 31.12.2020

Оңтүстік Кореяда әлемде алғаш рет сутегімен жұмыс істейтін қоқыс таситын көлік пайда болды.

Бес тонналық машина ертең, яғни жаңа жылдың бірінші күні, Чангвон қаласында жұмысын бастайды. 25 килограмм сиятын сутегі бак автомобильге 600 шақырымдай жүруге мүмкіндік береді. Ал оның қозғалтқышы 3 күн зарядтаусыз жұмыс істей алады. Құны 9 миллион доллардан асатын жобаға Оңтүстік Кореяның жеті агенттігі мен компаниясы қатысты. Қоқыс таситын көлік бір жыл ішінде тесттен өтеді. Ал 2025 жылға дейін мұндай 900-ге жуық машиналар Кореяның басқа аймақтарында жұмыс істейтін болады. Чанвон 2018 жылы сутегі қаласы мәртебесін алды. Өткен маусымда мұнда сутегімен жүретін қалалық автобустар пайдалануға берілді.

Хо Сон Му, Чанвон қаласының мэрі:

- Көліктерді қуаттау үшін жақсы инфрақұрылымның болуы маңызды. Чанвон қаласында осындай жабдықтарды шығаратын компаниялар бар және бұл өз кезегінде сынақ өткізуге көмектеседі. Бізде сутегі құю станциясы бар, сонымен қатар сутегімен жұмыс істейтін көліктерді сынақтан өткізуге арналған жол да көп.

Хабар 24 телеарнасы