Бангладеште алапат су тасқыны жергілікті халықты әуре сарсаңға салды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті биліктің хабарлауынша, елдің солтүстік-шығысындағы Сурма өзені жағалауындағы екі аудан топан су астында қалды. Табиғат апаттарымен күрес министрінің айтуынша, мұндай тасқын соңғы 122 жылда алғаш рет болып отыр. Қазір құтқарушылар халықты эвакуациялап жатыр. Шамамен 90 мыңнан астам адам уақытша баспанаға орналасты.