Толассыз жауыннан көп елді мекенде тасқын жүрді. Грекияда ақжауын сіркіреп тұр. Көптеген елді-мекенді су алып кетті. Ел астанасы Афинада жүздеген үй мен көше бойы көлкіп тұр. Ал Корфу аралындағы қала көшелері өзенге айналған. Кей аудандардағы тұрғындар тікұшақпен эвакуацияланды. Тасқын 1 адамды көлігімен қоса ағызып әкеткен. Қазір апат аймақтарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Яннис Алексакис, қонақ үй қожайыны: – Тасқыннан қонақ үй суға лезде толып, көзді ашып жұмғанша 1 метрге дейін көтерілді. Салдарынан ғимараттағы қонақтар сыртқа шыға алмай қамалып қалды.