445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сапалы судьялық корпусты қалыптастыруға басымдық беріліп отыр

  • 646
  • UPD: 11:37, 07.08.2017

Ұлт жоспарының 18-қадамын жүзеге асыру мақсатында Сот төрелігі институты былтыр мемлекеттік басқару академиясы құрылымынан бөлінгені белгілі.

Бүгінде Жоғарғы Сот жанындағы академия оқуды және сот тәжірибесі арасындағы байланысты едәуір күшейткен. Оқу ордасында әлемдегі ең озық тәжірибелерге сүйене отырып, кадрлар даярланады. Болашақ мамандар Астана мен шетелдік соттарда тағылымдамадан өтеді. Сондықтан сапалы судьялық корпусты қалыптастыруға басымдық беріліп отыр. Көздеген мақсатқа жету үшін судья лауазымынан үміттілерге қойылатын талап та күшейтілді. Емтихан жүйесі күрделеніп, қашықтықтан біліктілікті арттыру жүйесі де қарастырылған. Айта кетейік, биыл 53 магистр оқу орнын сәтті тәмамдады. Келер жылы түлек саны 60-қа жетеді деп жоспарланып отыр.

Нәзиля Раззақ, Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының орынбасары:

- Судьялар қашықтықтан 1 апта оқытылады. Екінші аптасында олар академияға келіп, біліктіліктерін арттырады. Оқу барысында судьяның білімі ұдайы тексеріліп отырады. Оқу аяғында тестілеуден өтіп, ауызша емтихан тапсырады. Жоғары білікті мамандар дәрістер оқиды. Жылына 600 судья білімін жетілдіретін болады. Сондай-ақ Сингапур, Корея және Беларусь Республикаларымен өзара тәжірибе алмасу туралы меморандумдарға қол қойдық. Ал академияға түсу үшін үміткердің заң саласындағы еңбек өтілі 8 жылдан кем болмауы керек.

Хабар 24 телеарнасы