388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы колледждер 11 мың баланы тегін оқытады

  • 6271
  • UPD: 14:44, 09.08.2017

Алматы облысында оқу орындары 11 мың баланы тегін оқытады.

Кәміл Рауыл Алматы облысы Нарынқол ауылының тумасы. 9-сыныпты бітіріп колледжге түсуді жөн көрген. Диплом алып, тезірек жұмыс істегісі келеді. Жеткіншек техник-электрик мамандығын таңдап отыр.

Кәміл Рауыл, талапкер:

Документтерімді тапсырып қойдым. Мен техник-электрик мамандығы өзіме ұнайды. Және электриктерге сұраныс бар.

Алматыдағы колледжер бұған дейін жылына 8,5 мыңға жуық баланы тегін оқуға қабылдап келген. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының арқасында бұл көрсеткіш биыл 11 мыңға жетіп отыр. Бағдарлама бойынша тек нарықта сұранысқа ие техникалық және технологиялық мамандықтарға басымдық берілген.

Ләззат Жылқыбаева, қалалық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары:

– Бұл тек жеке Білім басқарамасының таңдаған критерилері емес. Бұл мына Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып, Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып және де Жұмыс берушілер ассоцияциясымен бірлесе отырып жүргізілген мониторинг негізінде мамандықтар саны айқындалды.

Тегін техникалық және кәсіптік білім бойынша тапсырыс 20 мемлекеттік және 22 жекеменшік колледжге берілген. Қазір олар да жаңа оқу жылына қызу дайындық үстінде.

Төлеуғали Тайтөлеев, колледж директоры:

– Қазіргі кезде заманға сай дуалды жүйе енгізіліп жатыр. Мекемелермен келісімшарттарымыз бар. Қазіргі кезде біз 6 мамандық бойынша осы дуалды жүйе бойынша дайындап жатырмыз.

Жастарға техникалық мамандықты тегін оқыту экономиканың дамуына септігін тигізері анық. Ал олардың білімге ынтасын арттыру үшін 16500 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі.

Ләззат Жылқыбаева, қалалық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары:

Алғашқы оқуға қабылданған кезде қаңтар айына дейін 100% шәкіртақымен қамтылатын болады. Ал қаңтар айынан бастап үлгеріміне қарай 4 пен 5 ке оқыған балалар шәкіртақымен қамтамасыз етіліп отырады.

Алматының колледждеріне еліміздің кез келген өңірдің түлектері тапсыра алады. Құжат қабылдау 20-шы тамыз күні аяқталады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек,  Нұрдәулет Жақсыбаев, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы