384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңына дейін еліміздің кино өндірісін дамытуға бағытталған жаңа заң қабылданады

  • 510
  • UPD: 15:44, 17.01.2017

Жыл соңына дейін еліміздің кино өндірісін дамытуға бағытталған жаңа заң қабылданады.

Бүгін бұл туралы Үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Жауапты ведомство нормативтік құжатты әзірлеуге кіріскен. Оның аясында, кино саласының болашағына тұсау салып, қоғамда қызу талқыланған мәселелер реттелмек. Естеріңізге сала кетейік, таяуда ғана жарық көрген режиссер Рүстем Әбдіраштың қазақ хандығы туралы «Алмас Қылыш» фильмі көрермендер үшін қолайсыз уақытта көрсетілді. Тіпті, кей өңірлерде мемлекеттік тілдегі нұсқасын кестеден кезіктіру қиынға соқты деген шағымдар көп айтылып еді. Кинотеатрларға қатысты бұл проблемаларды ретке келтіру үшін тиісті заң да жоқтың қасы. Сондықтан Үкімет отырысында мамандар осы және өзге де мәселелерді көтеріп, қажетті қолдау көрсетуді сұрады. Сондай-ақ, сала өкілдері ұлттық салт-дәстүріміз мен тарихымызды танытатын кино туындыларды көптеп түсіру қажеттігін айтады. Бұл ретте, режиссерлер қазақ хандығының қалыптасып, өсіп-өркендеуіне арналған кинодастанның келесі бөлімдерін түсіруге әзір екендіктерін мәлімдеді. Осыған орай, бюджет мәселесін шешіп беруді ұсынды. Айта кетейік, еліміз бойынша 70-ке жуық кинотеатр жұмыс істейді. Басым бөлігі жеке меншіктің иелегінде. Алдағы уақытта Үкімет олардың жұмысын қырағы қадағалауды жоспарлап отыр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Толығымен заң жоқ деген дұрыс емес. Заңның нормалары бар. Телевидения сияқты бірнеше пайыз қазақ тілінде болу керек. Мысалы, сіздер телевиденияда түнгі 3 пен 5 арасында қоясыздар. Ал кинотеатрлар таңғы жеті мен онға қояды. Былайынша қарасаң, заң орындалып жатыр. Сондай келеңсіз заңдар болмас үшін нормативтік құжаттарды орындауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы