384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңына дейін 25 мыңнан астам отандық фильмдер сандық құрылғыға көшіріледі

  • 553
  • UPD: 07:35, 04.02.2017

Жыл соңына дейін кассетаға жазылған 25 мыңнан астам отандық фильмдер өңделіп, сандық құрылғыға көшіріледі.

Бұл туралы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов хабарлап отыр. Оның айтуынша, жоба жүзеге асқаннан кейін, бұл кинотуындылар қазақстандық арналарда көрсетіледі.

Андрей Хазбулатов, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры:

- Біз бұл жобаны Мәдениет және спорт минситрлігінің тапсырысы бойынша әзірлеуге кірістік. «Қазақфильм» студиясы қолдау көрсетіп жатыр. 2017 жылы толығымен кино ісімен айналысамыз деп жоспарлап отырмыз. Биыл «Кино» туралы заң да қабылданады деген үміттеміз.

Ел мәдениетінің дамуына арналған жиында сарапшылар Елбасының халыққа Жолдауын талқылады. Мамандар құжаттың тиімді тұстарын ерекше атап өтіп, оның мәдениеттің өркендеуіне де үлкен әсер тигізетініне сенім білдірді.

Түгелбай Бекбергенов, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының қызметкері:

- Елбасы Үкіметтің алдында тұрған мақсаттарды айқындап, оның құзырын белгіледі. Мемлекеттік органдар бір-бірінің міндеттерін қайталамауы тиіс. Сондықтан осындай шектеудің қойылуы дұрыс шешім болды деп есептейміз. Біздің салада әлі көп мәселелер бар. Жаңа құжат бұл түйіткілдердің шешілуіне түрткі болады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы