384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Өз елім» атты музыкалық фестиваль өз мәресіне жетті

  • 894
  • UPD: 22:48, 01.04.2017

«Өз елім»! Осындай атаумен ұйымдастырылған Нұрғиса Тілендиев атындағы 5-ші музыкалық фестиваль өз мәресіне жетті.

Байқауға биыл шетелдіктер көптеп қатысты. Олар ережеге сай классикалық вокал, домбыра және дирижерлік шеберлік бойынша бақ сынады. Өнер бәйгесіне 16 мен 35 жас аралығындағы 50-ге тарта өнерпаз қатысып, бас жүлдегерге Астана қаласы әкімінің кубогы табысталды. Атап өтсек, 1 сәуірде композитор, Қазақстанның халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев дүниеге келген.

Ернар Нұртазин, дирижер аталымының 1-орын иегері:

- Біз дирижер номинациясы 3 турдан тұрды. Бірінші турда Тілес Қажығалиевтің шығармасын орындадық. Екінші кезеңде Нұр ағаның екі шығармасы орындалды. Үшінші кезеңде Тілендиев ағамыздың «Алтын дән» деген шығармасы орындалды.

Хабар 24 телеарнасы