389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Махаббатпен» атты отандық фильмнің тұсаукесері өтті

  • 522
  • UPD: 23:25, 26.01.2018

Елмізде тағы бір отандық фильм жарыққа шықты. Фархат Әбдіраимовтың «Махаббатпен» деп аталатын қылмыстық комедиясының тұсаукесері Алматыдағы Есентай IMAX кинопаркінде өтті. Фильмнің  қоюшы-режиссері Александр Гольцев. Аты айтып тұрғандай туындыда екі жастың махаббаты жайлы баяндалады.

«Махаббатпен» фильмінде  тек қана комедия емес бірнеше жанрды байқауға болады. Негізгі әңгіме мектепті енді ғана бітірген Руслан мен Светлана жайында. Жігіт қызға ғашық болады, бірақ оның жүрегіне жол табудың дұрыс бағытын таңдамай, арам пейілді адамдармен байланысады. Мұнда алғашқы махаббатпен қоса,  үлкен өмірге қадам басқан жастар жайында баяндалады. 

Фархат Әбдірайымов, фильмнің бас продюсері:

- Менің ойымша романтикалық жанрда  кино түсіру жеңілдеу сияқты. Өйткені көрермендерді күлдіргеннен гөрі жылату оңай.  Біздің түсіру тобы барын салды.  Нәтижесі жаман емес. Өйткені бүгін залға жиналған көпшілікті күлдіре алдық. Ендеше еңбектің еш кетпегеніне қуаныштымыз. 

Бұл Фархат Әбдірайымовтың бас продюсер ретіндегі алғашқы жобасы. Өзіде осы фильмде  басты рөлдердің бірін ойнайды. Режиссер Александр Гольцевпен бірге  небәрі 16 күннің ішінде  түсірілген кино қазіргі уақытта еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде.

Совет Сейітов, продюсер:

 - Қазіргі кезде Алматыда Қазақстанда көбінесе біздің тұрғындар көбінесе жастар бірінші біздің киноларға барады. Біздің жасалған кинлоларға. Қазір Голливудттың кинолары біздің  киноларға қарағанда рейтингі өте аз боп тұр. 

Фархат Әбдірайымовтен бөлек фильмде Роман Альманский, Максим Акбаров және Гүлнәр Сейілбаева секілді актерлар ойнайды. Жастар мелодрамасымен басталып, драмаға және қылмыстық комедияға ұласатын туындыны көруге асығыңыздар.  

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы