389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этномузыка фестивалі басталды

  • 792
  • UPD: 23:26, 02.06.2018

Алматыдағы Республика сарайы алаңында The Spirit of Tengrі атты алтыншы Халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі басталды.

Биыл шараға 14 елден 90 музыкант қатысады. Екі күн бойы Испания, Франция, Австралия, Мозамбиктен және Орталық Азиядан  келген қонақтар көрерменді табиғи дыбыс және сырлы сазымен баурайды. Шығармаларда негізінен халықтық және заманауи музыка үйлесім тапқан. Фестивальде еліміздің атынан «Алдаспан» этнорок тобы өнер көрсетеді. Бүгінде The Spirit of Tengri фестивалі - әлемде тылсым әуен тыңдауға болатын Малайзиядан кейінгі екінші орындағы музыкалық алаң. Елімізде ұйымдастырылған фестиваль алты жылда ұлттық ауқымдағы мәдени бренд атауына қол жеткізді.

Батыр Қазыбаев, шараны ұйымдастырушы:

- Астананың 20 жылдығы аясында біз елордада тағы 3 фестиваль өткіземіз. Одан кейін шараны Францияның Шампань провинциясында ұйымдастыруға аттанамыз. Бұл туралы ұсыныс Франция тарапынан түскен болатын. Олар өз көрермендері үшін қазақ мәдениетін көрсетуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы