389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғандағы тарихи музей қоры құнды жәдігерлермен толықты

  • 187
  • UPD: 14:14, 23.09.2019
Жезқазғандағы тарихи музей қоры құнды жәдігерлермен толықты

Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық музей қоры құнды жәдігерлермен толықты. Енді мұнда келетін қонақтар 19-ғасырдағы Қазақ-Қытай арасындағы жібек саудасына қатысты құжатты көре алады.

Қытай тілінде жазылған жазбада қазақтардың қанша мал-мүлікке жібек алып отырғаны екі елдің өзара талаптары айтылған. Оның мағынасын қазір аудармашы мамандар зерттеп жатыр. Бұл бағалы жәдігерді халықаралық музейлер фестиваліне келген моңғолиялық делегация мүшелері тапсырыпты. Сондай-ақ олар қазақ диаспораларының Моңғолияға қоныс аударуына қатысты тың деректер жазылған құжатты  да музей қорына өткізді. Көрші елдің тарихшылары қазақтардың қоныстануын 1830 жылдан 1963 жылға дейін бірнеше кезеңге бөліп қарастырған. Ол туралы мәлімет Баянөлгей мұражайында сақтаулы екен. Ал 1912 жылы Боғда ханға жазылған мына хатта 400 қазақ отбасы Қобда өлкесіне ауысуды және азаматтық алуды сұрайды. Сонымен қатар өзбекстандық делегация 19-ғасырдағы қазақтардың түр-сұлпаты, тұрмыс-салтына қатысты көне суреттерді әкелді. Олардың арасынан Шымкент қаласының көне замандағы көрінісін көруге болады. 

Рәзия Ыбыраева, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының бас қор сақтаушысы:

- «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты акция өтті. Осы акцияға шетелдік қонақтарымыз да атсалысты. Негізгі мақсаты - жан-жақтағы, әр шетелдегі музейлермен және архивтермен тығыз байланысты нығайту. Осы біздің қазақ даласына қатысты мәдени, тарихи құндылықтарды жинақтау.

Хабар 24 телеарнасы